Шымкенттегі ірі сауда желілерінің бірі — «Технодом» өз клиенттерін қуантып, таңқалдыруын жалғастыруда. Енді осы орталыққа келген әр клиенттің сатып алған затын тегін алуына мүмкіндігі бар.
29 жастағы қала тұрғыны Максим Лакушин «Технодомнан» ұялы телефонды несиеге алған. Содан, осы орталық ұйымдастырған «100 несие біздің есебімізден» атты науқанның қатысушысы атанды. Ешқашан жүлделі болып көрмедім деген жігіт жеңгенін естігенде қалжың деп ойлап қалыпты.
Максим Локушин: «Шынымды айтсам, мен осындай жүлдеге ие боламын деп ойлағаным да жоқ, несиеге алған ұялы телефон енді маған тегін түскеніне сене алар емеспін. Бірақ, дүкенге келгеннен кейін маған арнайы сертификат табыстағаннан кейін бір-ақ сендім. Бұл ұтысқа кез келген адам ұта алатынына көзім жетті. «Технодом» компаниясына алғысымды білдіремін.»
Осынау бірегей науқанға арнайы «Техноқаражат» бағдарламасы арқылы кез келген азамат қатыса алады. ОЛ үшін электроника немесе түрлі техниканы қалаған бағамда алып, несие рәсімдесеңіз болғаны. Егер жеңімпаз атанып қалсаңыз, ритейлер арқылы Технодом бар несиеңізді жауып береді.
Виталий Громов: «Бұл ерекше науқанды біздің серіктестеріміз Хоум Банкпен жүзеге асырып отырмыз. Кез келген сатып алушы бізден тауар алып, оны несиеге рәсімдесе осы науқанның қатысушысы болып жеңімпаз атануға мүмкіндіктері бар. Егер ол азамат ұтатын болчса, оның несиесін біз толықтай жабатын боламыз.»
Айта өтейік, бұл науқан сәуір айының соңына дейін жалғасады. Әр ұтыс кездейсоқ таңдалатын сандар арқылы өткізіледі. Соның нәтижесінде үш жеңімпаз анықталып, олардың несиеге рәсімдеген тауарлары сыйлыққа айналады. Сонымен қатар 21 сәуір күні «Технодом» сауда үйлерінде кешкі сағат 20:00-ден түнгі 12-ге дейін жеңілдіктер түні өтеді. Онда келушілерді сыйлықтар мен керемет жеңілдіктер күтеді. Ендеше, дүкеннің мекенжайы — Аймауытов көшесі, №144 үй. «Айна» базарының аумағы.
Әлімхан Дүйсенғалиев