Бадам өзеніндегі көпір жабылды

Шымкенттегі Бадам өзеніндегі көпір 25 мамырдан бастап жабылды. Облыс аралық А2 тасжолындағы көпір арқылы қозғалыс таңғы сағат 6-да тоқтады. Мұндай жөндеу жұмыстары басталған. Республикалық маңызы бар бұл өткел 1960 жылы салынған.

Соңғы жылдары беткі жабындары тозып, көліктердің қатынауына қауіп төне бастаған болатын. Енді сала мамандары мұндағы жөндеу жұмыстарын 10 маусымға дейін аяқтаймыз деп сендіреді. Ал құрылыс аяқталғанша көліктер айналма жол арқылы жүретін болады.

Нұрлан Күдерұлы