Сайрам тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір жөнделеді. Бүгіннен бастап облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары су шайған жағалауды уақытша бекітіп жатыр. Себебі, 1970 жылы тұрғызылған өткелге қауіп төніп тұр. Кешегі демалыс күндері көпірдің тірегінің жан-жағын су шайған болатын.
Сайрам мен Төлеби аудандарын қосатын бұл көпір 2012 жылы 28 млн теңгеге күрделі жөнделіпті. Алайда биылғы судыңң көптігі мен жауын-шашынның жиі жаууы кеңестің көзі болған өткелдің бұзылуына алып келіпті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, көпірден өтетін ауыр жүк көліктері де өз әсерін тигізген.
Облыстық маңызы бер өткелмен тәуілігіне 7-8 мың көлік өтеді. Одан қалса жаяу жүргіншілер де осы көпір арқылы ары-бері қатынайды. Көпірдің маңыздылығын ескерген жергілікті билік өкілдері ауыр көліктердің бұл өткелмен жүруіне тыйым салды.
Бүгін көлікшілер көпірдің су шайған бөлігін уақытша бекітуге әрекет жасады. Айтуларынша, су деңгейі түсісімен көпірге ағымдағы жөндеу жасалатын болады.
Нұрлан Күдерұлы