Шымкенттегі Рысқұлов көшесіндегі Самал базарының алдынан жер асты өткелін салу жұмысы басталды. Ұзындығы — 30, ені — 4, ал тереңдігі 5 метр болатын өткелдің құрылысына қала бюджетінен 116 млн теңге қаралыпты.
Мердігер «ХМСУ» мекемесі жұмысты 5 айда аяқтауы тиіс. Өткел құрылысының аяқталуы жолаушылар қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді дейді тапсырыс берушілер.
Нұрлан Күдерұлы