«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

1489
«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда. Шаһар ішіндегі шағын қалаға айналуы тиіс ауданның жалпы көлемі — 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 370 үй соғылады. 9, 12 және 16 қабаттан тұратын баспаналардың ортасында көлемі 49 га болатын саябақ орналаспақ.

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

Жобалаушылардың айтуынша, «Шымкент-ситиде» жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһар тұрғындарының бір сәт тынығатын орындары бой көтереді деп күтілуде.

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

— 3500 көрерменге арналған кино-концерт залын салуды ұйғарып отырмыз. Мұнан бөлек, біз әзірге «Шымкент-арена» деп атап отырған спорт кешені бой көтеретін болады. Ең бастысы — мұнда шаһар тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Жобамыздың ішінде ауданы 24 га болатын бизнес-орталықтың құрылысын салу да көзделген, — дейді Нұралхан Көшеров.

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

Әкім орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда «Шымкент-ситиде» көше құрылысы мен 10 үйдің (әрқайсысы 54 пәтерден тұрады) инженерлік-коммуникациялық жұмыстары жүргізілуде.

— Үйлер беріктігі жағынан жоғары санатты, құралмалы темір-бетон құрылымдардан салынады. Бұл – коммуналды үйлер. Биыл бес көпқабатты үйдің құрылысын бітіреміз деп жоспарлағанымызбен, баспаналардың пайдалануға беру уақыты коммуникациялық қажеттіліктердің барлығы орналастырылып болғаннан соң ғана, яғни, 2018 жылға келісілген, — деді әкім орынбасары.

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

Нұралхан Көшеров коммуникациялық жұмыстардың барысына да тоқталды. Айтуынша, бұл жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жұмыстар биыл бітсе, келесі жылы пайдалануға беру жоспарда тұр. Ал жолдардың басым бөлігі биыл төселмек.

Ал қалашықтағы жаяу жүргіншілер мен велосипедке арналған жолдарды салу кезегі келесі жылдың еншісінде. Өйткені, аяқжолдар түсетін нысандарға биыл коммуникациялық қажеттіліктер жүргізілетін болады.

«Шымкент-сити» жобасы қарқынды іске асырылуда

Айта кетейік, «Шымкент-Сити» қалашығы — шаһардың солтүстік аймағында, Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңда орналасқан нысан. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұрмыста, бизнесті бастауда қолайлы жағдайымен және ең жоғары қала құрылысы мен сәулеті жөнінен ерекшеленеді. Аталған жоба Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында іске асырылуда. Мұндағы көқабатты үйлер саны – 316, мектептер – 7, балабақшалар – 21.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі