Шымкентте «Таза қала» акциясы биыл да жалғасады

402

Шымкентте «Таза қала» акциясы биыл да жалғасын табады. Қала әкімдігі мен облыстық азаматтық альянс қоғамдық бірлестігі бірігіп, тазалық іс-шарасын бесінші жыл қатарынан өткізбек.

Ұйымдастырушылар жеке үйлер орналасқан көшелерді, көп қабатты үйлердің ауласын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын ретке келтіру акциясына қатысуға шақырады. Оған қала тұрғындарды, мектеп оқушылары мен учаскелік полиция қызметкерлері де атсалыса алады.

Акцияның жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге. Комиссия жанынан әр ауданда жұмысшы топтар құрылып, әр 15 күн сайын сараптама жасайды. Байқаудың нәтижесі  бойынша жеңімпаздар қала күнінде марапатталады деп күтілуде.