Яндекс.Такси енді Шымкентте. Қаламыздың тұрғындары тек мобильді қосымша арқылы тапсырыс беріп, діттеген жеріне небәрі 5 минутта жете алады.
Бұл такси қызметін қолдану — сапалы әрі арзан. Қызмет құны көрсетілген мекенжайға байланысты 100 теңгеден басталады. Тіпті алғаш тапсырыс беріп, такси шақырған 5 клиенттің діттеген жеріне тегін жетуіне мүмкіндік бар.
Кез келген уақытта шаһарымыздың барлық нүктесіне небәрі 5 минутта жететін такси. Бүгін Шымкентте тек су жаңа көліктерден жасақталған Яндекс.Такси шақыру қызметі іске қосылды. Қалауыңыз қымбат маркалы көлік болса, мархабат. Құны да қалтаңызға қонымды. Жүріп өткен жолыңыздың ақысы 100 теңгеден басталады.
Яндекс.Такси компаниясының директоры Асқар Достаевтың айтуынша, Шымкент қаласында 500 көлік жүргізушілері өз қызметіне дайын. Қызмет көрсетудің ыңғайлы, тиімді жолдарын ұсынады. Бағасы 100 теңгеден басталады.
Компания өкілдері Алматы мен Астана қаларында сапалы қызмет көрсетіп, жолаушылардың сеніміне кіріп үлгеріпті. Өйткені такси шақырудың өте ыңғайлы әрі тиімді жолдарын ұсынуда. Яғни қоңырау шалып әуре болмайсыз, тек ұялы телефоныңызға Яндекс.Такси қосымшасын енгізсеңіз жеткілікті.
Ал фирма басшылығы такси жүргізушілерін таңдауға да ерекше ден қойған. Ұжым мүшелеріне мол табыс табуға мүмкіндік бере отырып, қатаң талап қояды. Ал ең бастысы, Яндекс.Таксиде сапалы қызмет көрсетумен қатар жолаушының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.