“Такси-қызметтік көлік” – қыздарға көмек көрсеткен

70

«Полицей таксист» дәл осындай тақырыппен әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқыға түсті.

Бейнежазбада тәртіп сақшылары жол бойында 2 қызды қызметтік көлікке отырғызып жатқаны байқалады. Бұл оқиға 22 тамыз күні кешкі уақытта орын алған. Полиция департаментінің өкілдері айтулы жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Бақдәулет Оразбаев, Шымкент қаласы ПД-нің аға инспекторы: «Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицияның қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған. Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен. Әлеуметтік желіде жалған ақпаратты таратпауды, азаматтарды қорлайтын сөздер айтпауды сұраймыз».