Шымкенттегі Бадам өзенінің үстіндегі көпір жөнделеді

863
Шымкенттегі Бадам өзенінің үстіндегі көпір жөнделеді

Шымкенттегі Бадам өзенінің үстіндегі көпір жөнделеді. Қала құрылысына жауапты мамандар осылай деп хабарлады. Айтуларынша, республикалық маңызы бар жолдағы көпір өткен жылы облыстан қаланың меншігіне өткен. Аталмыш өткелден көліктің көп жүретінін ескерген шаһар басшылары оны ағымдағы жөндеуден өткізбек. Осылайша Бадам өзеніндегі көпір 15 күнге жабылады.

Шымкенттегі Бадам өзенінің үстіндегі көпір жөнделеді

Алдағы мерекеден кейін А2 жолының бойындағы, Бадам өзеніндегі көпір 15 күнге жабылады. 1960 жылдары салынған көпірді шұғыл түрде жөндеу қажет дейді сала мамндары. Тоғыз жолдың торабын қосатын көпір арқылы барлық транзитті көлік қатынайтын болғандықтан, өткел әбден тозған. Асфальт жабындысы шұрық-тесік, көліктер әрең жүреді.

Шымкенттегі Бадам өзенінің үстіндегі көпір жөнделеді

Бүгін өткелді егжей-тегжей зерделеуге келген мамандар көпірдің қадалары бұзылмағанын мәлімдеді. Тек жабынғы бөлігі бұзылыпты. Енді сапалы жөндеуден кейін өткелден әлі талай көліктің жүруіне мүмкіндігі бар екен.

Шаһар басшылығының жоспары бойынша ені 11 метр, ал ұзындығы 250 метрді құрайтын өткелге қосымша жаңа көпір салынбақ. Тек ол алдағы жылдың еншісінде екен. Ал биылға Кеңестің көзіндей болған өткел жөнделсе, әлі біраз қызымет жасайды деген қорытындыға келді жауаптылар.

Нұрлан Күдерұлы