Шымкенттің көшелері жөнделуде

Шымкентте жолдарды жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Елтай елдімекеніндегі көшелерге асфальт төселуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қазіргі таңда дәл осындай жұмыс шаһардың көптеген көшелерінде қолға алынған деп хабарлады.

– Жөндеу жұмыстарының тұтас кестесі бар. Қажет жерінде көшеге тұтасымен жаңадан асфальт төселеді. Мысалы, Елтай ауылындағы Молдағұлова көшесі. Жолдың ұзындығы – 1200 метр, – дейді бөлімнің сектор меңгерушісі Елтай Есіркепов.

Шымкенттің көшелері жөнделуде

Жалпы алғанда Шымкенттегі 19 көше орташа дәрежеде жөнделеді. Ал 5 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарланып отыр.

Көшелерді орташа жөндеу

1. Шымкент қ. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабындағы Абай көшесін орташа жөндеу
2. Шымкент қ. Сайрам тұрғын алабындағы Ұйғын көшесін орташа жөндеу
3. Шымкент қ. Чапаевка шағынауданындағы Мұстафа Өзтүрік (Берут) көшесін орташа жөндеу
4. Шымкент қ. Жаңаталап тұрғын алабындағы 600 орынды мектепке барар жолды орташа жөндеу
5. Шымкент қ. Тассай тұрғын алабындағы атаусыз көшені орташа жөндеу
6. Шымкент қ. №2 Шолохов (Юпитер) көшесін орташа жөндеу
7. Шымкент қ. Сәуле шағынауданындағы атаусыз көшені орташа жөндеу
8. Шымкент қ. Қайтпас-1 шағынауданындағы Жамауов және Наурыз (жалғасы) көшелерін орташа жөндеу
9. Шымкент қ. 194-орамдағы атаусыз көшені («Адия» балабақшасына апарар жолды) орташа жөндеу
10. Шымкент қ. Сайрам шағынауданындағы Ұлықбек көшесін Әмір Темір көшесінен тұйықталған жерге дейін орташа жөндеу
11. Шымкент қ. Шапағат шағынауданындағы атауы жоқ көшені (Фазылбеков көшесінің Арғынбеков көшесіне дейінгі жалғасын) орташа жөндеу
12. Шымкент қ. Таскен шағынауданындағы Балқыбеков көшесін орташа жөндеу
13. Шымкент қ. Мәртөбе тұрғын алабындағы Коммунист көшесін орташа жөндеу
14. Шымкент қ. Еңбекші ауданына қарасты Іляев көшесін орташа жөндеу
15. Шымкент қ. Қаратау ауданына қарасты Алатау көшесін орташа жөндеу
16. Шымкент қ. Тұрлан шағынауданындағы Абылай хан көшесін орташа жөндеу
17. Шымкент қ. Тельман шағынауданындағы Теміртау көшесін орташа жөндеу
18. Шымкент қ. Қазығұрт шағынауданындағы Бақшалы көшесін орташа жөндеу
19. Шымкент қ. Қызылжар шағынауданындағы Сәбит Мұқанов көшесінің жалғасын орташа жөндеу

Жаяу жүргіншілер жолын салу

1. Шымкент қ. Абай ауданы Жаңаталап тұрғын алабындағы Айдарқұл көшесіне (мектепке апарар жолға) жаяу жүргіншілер жолын салу
2. Шымкент қ. №33 мектепке және балабақшаға апарар жолдың жанына жаяу жүргіншілер жолын салу
3. Шымкент қ. Қарасу шағынауданындағы 8 наурыз көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
4. Шымкент қ. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу
5. Шымкент қ. Таскен шағынауданындағы Бабашұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
6. Шымкент қ. Қызылжар шағынауданындағы Құртаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
7. Шымкент қ. Самал-3 шағынауданындағы Ізгілік көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
8. Шымкент қ. Шаңырақ тұрғын алабындағы Шымқорған көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
9. Шымкент қ. Тұрлан шағынауданындағы Сәтпаев және Есенов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу
10. Шымкент қ. Тассай бөлімшесіндегі Сариеми көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу
11. Шымкент қ. Құрсай тұрғын алабындағы Бекболатов, Мәмешов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу.