Шымкенттік ақсақалдар Қайтпас қорымындағы құрылысқа қарсы

869
Шымкенттік ақсақалдар Қайтпастағы қорымдағы құрылысқа қарсы

Шымкенттегі 25 мыңнан астам тұрғыны бар Қайтпас елдімекенінің ақсақалдары Қараағаш қорымының орнына құрылыс салуға қарсы. Мұндағы көздегендері жалғыз — 1937-38 жылдары Сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары жатқан жерді тарихи орын ретінде сақтап қалу. Себебі Шымкент қаласының бас жоспарына сай бұл албасты сайдағы қорымның орнына жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының дүкендері мен көңіл көтеретін орындары салынады екен. Осыған алаңдаған қариялар бүгін билік өкілдерінен ата-бабамыздың жатқан жерлерін қорламауды сұранды.

Шымкенттік ақсақалдар Қайтпастағы қорымдағы құрылысқа қарсы

Бұл бейіттің тарихы сонау 19 ғасырдан бастау алады екен. Алғаш мұнда осы төңіректі мекендеген халықтың қайтыс болған туыстары жерленген. Ал 1931 жылы ашаршылық кезінде Шымкент қаласына тамақ іздеп шығып, жолда қырылғандары жиналып жерленіпті. Соңы 1937-38 жылғы қуғын сүргіннің құрбандары да осында жатыр дейді ақсақалдар.

Шымкенттік ақсақалдар Қайтпастағы қорымдағы құрылысқа қарсы

Көпшілікке беймәлім, бірақ тарихы терең жерге құрылыс салынады дегенді естіген қайтпастық қариялар өздері сайлаған депуттатарына қолқа салған. Ал ол өз кезегінде қала әкімінің қабылдауында болып, 2015 жылы қабылданған Шымкент қаласының бас жобасында бұл қорым ескерілмей қалғанын айтқан.

Шымкенттік ақсақалдар Қайтпас қорымындағы құрылысқа қарсы

Ғани Ахметбаев, депутат: «Мен әкімге кірдім ол менің көзімше тапсырма берді бірақ жоспар өзгермепті.»

Бүгінгі кездесуге қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары да қатысты. Олар қолдарында бар құжаттарын көпшілікке көрсетіп, мән-жайды түсіндірді. Ендігі өзгерісті тек қала әкімі қабылдайтынын айтуда. Ал ата-бабалардың жатқан жерін қорламайық деген ақсақалдар енді облыс әкіміне арызданбақ.

Нұрлан Күдерұлы