Бейнелеу өнері мұражайында қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында туристік жәрмеңке өтті. «Шырайлы Шымкент – 2017» тақырыбы аясында өтіп жатқан көрме жәрмеңкенің мақсаты – қолөнершілерді ынталандыру және ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттау. Мұнда тек кәдесыйлар ғана емес, сонымен қатар ағаш, былғары, жүннен және бағалы металдан жасалған, тұрмыста тұтынуға арналған қолөнер бұйымдары да жеткілікті.

Тек бұйымдар ғана емес, сонымен қатар ұлттық аспаптардың үнімен сәні келген көрме көз алдыңызға ежелгі Жібек жолындағы жәрмеңкелерді елестеді. Ұлттық рух сезіліп, қазақи бояуы сіңіп жасалған дүниелер қойылған бұл көрме-жәрмеңкенің мақсаты да осы болатын.

Бейнелеу өнері мұражайында қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті

Бауыржан Тұрғынбаев – ата кәсібін жалғастырушы. Теріні көркемдеп өңдеу мамандығы бойынша Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет колледжінде білім алған. Бүгінде 10 жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. Шебер мұндай шаралар мені жігерлендіреді дейді.

Таңертеңнен кешке дейін өткен жәрмеңкеде тек кәдесыйлар ғана емес, сонымен қатар ағаш, былғары, жүннен және бағалы металдан жасалған, тұрмыста тұтынуға арналған қолөнер бұйымдары да жеткілікті.

Мысалы, қарапайым кілт-қап таза былғарыдан жасалған. Шетелден келетін, яғни дермантиннен жасалатын затпен бағасы бірдей.

 

Асқар Сатпаев