Бітіруші студенттерден зейнетақы қорының анықтамасы талап етілуде

385
Бітіруші студенттерден зейнетақы қорының анықтамасы талап етілуде

Жоғары оқу орындарының түлектері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын торуылдап жүр. Мұның себебі, қормен келісім-шартқа тұрып қана қоймай, ондағы жинақтары жайлы мәліметті өзінің оқу орнына тапсыруы тиіс. Бұл анықтаманы тапсырмаған түлектің диплом алуы екіталай.

Бәйдібек даңғылында орналасқан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есеп-шот ашуға келгендердің арасында жоғары оқу орындарының түлектері басым. Университет бітірушілері шоттағы жинақтары жайлы мәліметтің көшірмесін алуға келіпті.

Мұндағы мамандар шотты ашу және шоттағы жинақтары жайлы мәліметті еш күрделіксіз алуға болады, тек өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек дейді.

Хош, келісім шартқа тұрып, шот ашты дерлік. Жұмысқа орналасып қойғандар БЖЗҚ-на жалақының белгіленген сомасы түсіп тұрған жағдайда ол жинақтары жайлы мәлімет те ала алады. Ал қолында дипломы жоқ, әлі жұмысқа тұрмаған түлек жинағы болмаса, мұндай құжатты қайдан алады? Бұл сұрақтарды біз ОҚМУ жауаптыларына қойған едік.

Жоғары оқу орындарының рейтингіге кері әсері тиеді деп, дипломдарын әлі қолдарына алмаған түлектерден жұмысқа орналасқаны жайлы БЖЗҚ-нан шотындағы жинақтары жайлы мәліметті талап етудің заңдылығын тиісті органдар тексерсе екен деген ата аналардың өтініші бар. Төлемдерді қорға ақыға жіберуге дайын мекемелер де бар көрінеді. Өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бастауын алған шақта қоғамда көрініс алған бұл құбылысқа кім тосқауыл қоя алар?..