Оңтүстіктегі теміржолдың көбісі тозған. Соның салдарынан вагондардың рельстен шығып кетуінің нақты қаупі бар. Бұл туралы облыстық теміржолшылар мен прокурорлар, көліктің бақылау инспекторларының басқосуында айтылды.
Тек жыл басынан бері жылжымалы құрамның теміржолдан шығып кетуінің 6 фактісі тіркелген. Ал өткен жылдың соңына дейін осыншама оқыс оқиға болған дейді мамандар. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ.
Жиналысқа келгендер мұның басты себебі — теміржол учаскесі өзіне тиесілі кәсіпкерлердің шойынжолды күтіп-қарамауынан дейді. Енді мұндай ереже бұзушыларға қатаң әкімшілік шаралар көрілетін болады деп ескертеді инспекторлар.