Парламент мәжілісінің депутаттары «Отырар-ТВ» телеарнасын құттықтады

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары «Отырар-ТВ» телеарнасының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Халық қалаулылары телеарнаға құттықтауларын факспен жіберген.

«Құрметті «Отырар» телеарнасының ұжымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі заманғы әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан зор. Сіздер Елбасының «Мәңгілік ел» идеясыының және оның стратегиялық бағытын насихаттайтын жолсерігі болып, бүгінде қоғамның пікірін қалыптастыруға және ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етудесіздер.

Жеделдік, шындық, нақтылық, әрқашан адам жәрдем көрсетуге дайындық — бұл маңызды қасиеттер ұлттың айнасына айналған іргелі басылымдарға тән ерекшеліктер.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте күрделі, жауапкершілігі мол және сыйлы. Себебі, олардың қолында қанатты Сөз бар, біз әрқашан журналистердің еңбегін бағалап келеміз және бағалаймыз.

Депутат пен журналистің мүддесі бір, ол — халық үшін және мемлекетіміздің азаматтары үшін аянбай еңбек ету. Сіздердің телеарналарыңыз келешекте де депутаттар мен халық арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, дамытуға ықпал ететініне сеніміміз зор.

Бүгінгі Қазақстан журналистикасы үшін мәні айрықша күні Сіздерге адал еңбектеріңіз және жоғары кәсібиліктеріңіз үшін ризашылық білдіре отырып, алғыс айтамыз.

Щыг жүректен шығармашылық шабыт, жаңа табыстар, отбасыларыңызға береке, амандық, бақыт тілейміз!

Құрметпен, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары  Ф.Қаратаев, Қ.Ержан» делінген хатта.

Ал біз өз тарапымыздан еңбегімізді бағалаған депутаттарға алғыс айтамыз.