Екі жаңа кәсіби мереке тойланбақ

6

 Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады. Еңбек министрлігі тізімге тиісті толықтырулар жобасын әзірледі. Атап айтқанда, Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпанда және Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылдың 2 қарашасына дейін талқыланады.
Бүгінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ, сол себепті өздерін біртұтас авиация саласының өкілі ретінде сезіне алмайды, – делінген түсініктемеде.
Бұрғылаушы күні геологтардың, мұнайшылардың, бұрғылаушылардың еңбегіне құрмет көрсетуге, жұмысшыларға құрмет көрсетудің жаңа дәстүрін енгізуге мүмкіндік береді.