Серік Тұрбеков: «Ауыл шаруашылығында сақтандыру жүйесін қолға алу керек»

678
Серік Тұрбеков: "Ауыл шаруашылығында сақтандыру жүйесін қолға алу керек"

Ауыл шаруашылығында сақтандыру жүйесін жолға қою керек. Бұл жоба тәуекелі мол сала өкілдерінің шығынға ұшырау қауіптілігін азайтады. Алайда, бүгінде сақтандыру компаниялары да, шаруалар да әріптестік байланыс жасауға емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков Елбасы жолдауында қаралған осындай нақты тапсырмалардың орындалу барысын таныстырды.

Ауыл шаруалышығы басқарманың басшысы мемлекеттің араласуынсыз сақтандыру жүйесінің жолға қойылатынына күмән келтіреді. Сондықтан компанияларды нақты қолдау қажет деп санайды. Шаруалар да шегіртке басу, қуаңшылыққа тап болу сияқты қатерлерге тап болмас үшін тиісті құжаттарын құнттап, сақтандыру шараларында белсенділік танытуы тиіс. Басқарма басшысы былтыр еңбегі зая кетіп, қып-қызыл шығынға батқан дихандардың, тіпті, жер иеленуге рұқсат беретін құжаттары да болмаған дейді.

Жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді коопеартивтерге тарту да Елбасы жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Айта кетейік, өткен жылы облыста 300-ге жуық коопертатив болса, бүгінде олардың саны 500-ге жуықтаған. Бұл кооперативтерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалығы бірігіпті. Басқарма басшысы бұл жүйе жуырда тағы да өзгертілуі мүмкін екенін айтады. Ендігі жерде әр ауылды кооперативке біріктіру қарастырылуда.

Тұрбеков мырза биылдыққа су тапшылығы болған жоқ деп отыр. Мақтаны суару науқаны шамамен 15 шілдеден басталып, тамыздың ортасына дейін жалғасады. Басқарма басшысы жерасты су қоры жеткілікті, сондықтан қуаңшылық болмайды деп сендіреді. Айта кетейік, жергілікті мамандар министрліктен облыста су тоғандарын салу үшін 32 млрд теңге сұрап, ұсыныс жасап отыр. Қазір олардың қажеттілігі мен экологиялық қауіпсіздігі зерделену үстінде.

Мақпал Рысбаева