Шымкентте 110 орынды қос бөбекжай-балабақша ғимаратының құрылысы басталды. Жергілікті билік өкілдері жаңа құрылыстың естелік капсуласын салтанатты жағдайда салып берді.
Балаларды қорғау күні қолға алынған нысан, бұйыртса, бір жыл ішінде пайдалануға берілдеі дейді «Отау групп» компаниясының өкілдері.
Бұл нысан тірек-қимыл қызметі бұзылған және психикалық дамуы шектеулі балаларға арналып, арнайы салынуда. Яғни осы бағытта жұмыс істейтін №17 Достық және №37 Айгерім балабақшаларына сыйға тартылмақ.
Айта кетейік, Шымкент қаласында мектепке дейінгі 385 мекеме жұмыс істесе, оның ішінде 7 арнаулы балабақша бар.