Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

Шымкентте ерекше жарыс өтті. Өз шеберліктерін сынға салудан жедел жәрдем дәрігерлері бақ сынасты. Жарысқа қатысушыларға 15 минут беріліп, осы уақыттың ішінде жарақатты анықтау, алғашқы көмекті дұрыс көрсетуі және зардап шеккен азаматты қауіпсіз жерге алып кетуі тиіс болды. Айта кетейік, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған қалалық жарысқа 10 жедел жәрдем бригадасы қатысты. Ұйымдастырушылар осындай сайыстар арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі артады, ұжымдық рух қалыптасады және жедел жәрдем қызметінің жалпы имиджін көтеруге болады дейді.

Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

Жаз айларындағы аптап ыстықта жүрек шыдас бере бермейді. Тіпті, көшеде кетіп бара жатып, аяқ астынан қысылып қалуы мүмкін. Жедел медициналық көмек көрсету стансасының №1 бригадасы көшеде жүрегі ұстап қалған науқасқа тез арада көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлер арнайы кардиоаппаратпен диагностика жасап, дене қызуын, қан қысымын өлшеді. Науқас есін білетін болғандықтан бұл жолы қажетті ем-домын жасау қиынға соқпады. Сарапшылар 10 минут уақыт берген болатын. Бұл бригада 5 минут 2 секунда алғашқы көмек көрсетіп үлгерді. Науқасты мамандар ары қарай жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып кетті.

Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

Гүлмира Райханова, №1 бекет дәрігері: «Бұл – күнделікті іс-тәжірибемізде кездесетін жағдай. Науқасқа өз деңгейінде көмек көрсеттік. Ең алдымен уақыттан үлгеруіміз керек. Сонда ғана лайықты дұрыс көмек бере аламыз.»

Ақ халаттылар арасындағы жарыстың мақсаты – өлім-жітімді азайту. Дәрігерлердің де біліктілігін арттыруды көздеген. Ең бастысы – қалалықтар 102 нөмірін теріп, жедел жәрдемді шақырғанда мекенжайға ертерек жету мәселесін де шешеміз дейді сала басшылары. Осы мақсатта жақында бірнеше шағынауданнан жаңа бекеттер ашылмақ.

Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

Мұхан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Кейбір шағынаудандарға жедел жәрдем кешірек барады. Мысалы, Қайнарбұлақ, Достық шағынудандарына жеткенше біраз уақыт кетеді. Сондықтан алдағы уақытта ол жақтан медициналық тіректер ашылады.»

Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

Бүгінгі жарысқа қатысқан 9 бригаданың түрлі сала бойынша көрсеткен көмегін арнайы сарапшылар бақылап, кәсіби біліктіліктеріне баға берді. Ал қатысушылар жеңістен гөрі тәжірибе алмасып, заманауи технологиялар мен көмек көрсетудегі кейбір жайттардың қыр-сырына қанық болғанын айтады.

Айгүл Керімқұлова