Шымкенттік дәрігерлер аты-жөні белгісіз азаматтың туыстарын іздеуде. 1 маусым күні жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген науқас әлі күнге дейін есін жимаған. Дәрігерлер тілге келмеген азаматтың аты-жөнін анықтай алмауда. Алғаш ауруханаға түскен кезінде оның жағдайы ауыр болған. Бас-ми жарақатын алған азаматқа мамандар шұғыл түрде ота жасап, өмірін аман сақтап қалғандарын айтады.
Бабыр Юсупов, дәрігер-нейрохирург: «Ауруханадағы түскен кездегі жағдайы ауыр. Ес-түссіз әкелінген. Компьютерлік томаграфия арқылы тексеріп, басында ісік барын анықтадық. Кейін шұғыл түрде ота жасадық. Операциядан кейін 8 тәулік өтіп кетті. Әлі есін жимады. Жағдайы ауыр. Науқас есін жимағандықтан, кім екенін анықтау қиынға соғуда.»
Егер бұл кісіні көрген-білгендер болса, қаладағы жедел-жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне хабарласса болады.