Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды

607
Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды

Құтқарушылар мен шенеуніктер ата-аналардан балаларына абай болуға шақырады. Шымкентте суда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ескеру рейдтері жалғасуда. Арнайы топ мүшелері құтқарушылар қауіптенетін орындарды аралауда.

Мысалы, Шымкенттегі Әл Фараби ауданында шомылуға арнайы орындар бөлінгеніне қарамастан тұрғындар тыйым салынған жерлерде шомылуда. Сондықтан құтқарушылар мен шенеуніктер судың қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін ересектер мен балаларға түсіндіруде.

— Біз шомылуға тыйым салынған жерлерде рейд жүргізіп жатырмыз. Ескертулерге қарамастан балалар сондай жерлерге үйір. Әл Фараби ауданында осындай үш орын бар. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасымен осы орындарды таңертеңнен кешке дейін бақылап жүретін үш жұмыс тобы құрылған. Құрметті ата-аналар! Өз перзентіңіздің бос уақытын қайда өткізетінінен хабардар болыңыз! Әсіресе, жақын жерде шомылатын су көздері болса. Себебі, олар былтыр шомылған жерлер биыл аса қауіпті. Себебі, жаңбырдың әсерінен өзендердегі су деңгейі екі есе көтерілді. Сондықтан біз қайғылы жағдай болмас үшін та-аналарды өз балаларын бақылауға алуға тағы да шақырамыз, — дейді Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Босымбаев.

Айта кетейік, жыл басынан қаладағы су көздерінде 3 бала суға батып кетті.