Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

930
Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

Оңтүстік Қазақстанның археологтары Арыс қаласына жақын жерден бірегей қазба тауып алды. Жердің астынан ежелгі тиындар, астық сақтауға арналған құмыра, жазуы бар тақташалар мен адамдардың моласы табылған. Осылайша Қангөй хандығының ежелгі қаласының біздің дәуіріміздегі 1-ші ғасырда өмір сүргенін анықтап отырмыз дейді тарихшылар. Айта кетейік, археологтар бұл табысқа жетуде 40 жыл тынбай еңбек етті.

Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

Бүгінде археологтар Ордабасы ауданы Сарыарық ауылына жақын жерде жұмыс істеуде. Дәл осы маңда ежелгі Қангөй хандығы болғаны белгілі. Сол кездегі билеушілердің бірі — Вима Тактоның бейнесі бар тиынның табылуы қаланың өмір сүрген уақытын дәлірек анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Ол — шамамен біздің дәуіріміздің 80-90-шы жылдары. Бұған қоса астық сақтауға арналған үлкен құмыра мен ежелгі иран тіліндегі жазуы бар тақташа. Бұл — осымен 17-тақташа.

Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

Ежелгі қалашық Күлтөбе деп аталады. Оның көп бөлігі тасыған судың астында қалған. Ал қалған шағын бөлігіндегі қазба жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенттері жұмыс істеді. Негізгі іс-тәжірибе біткен соң үш студент қазба жұмыстарында өз еркімен қалыпты. Олар бірер күннен соң қателеспегендерін ұқты — қазба жұмыстары сәтті аяқталып, бірнеше адамның қабірін тапқан. Студенттер өз жетекшісі Александр Подушкинді өз ісінің нағыз білгірі деп бағалайды.

Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

Табу бір бөлек, енді ежелгі дәуірдің қалдықтарын мұқият шығарып алу керек. Содан кейін оқымыстылар мен антропологтарға тапсырылады. Одан кейін Қазақстанның ғылыми институттарында, Кембридж институты мен де Франс колледжінде зерттеледі.

Арыс қаласының маңынан Қангөй хандығы қаласының орны табылды

Енді бұл қазба олжаларына барлық зерттеу жұмыстарын жасаған ғалымдар баға береді. Дегенмен, қазірдің өзінде табылған заттардың тарихи құндылығы бар екені даусыз.