Астаналық мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуге шақырады

602
Астаналық мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуге шақырады

Еліміздегі 5,5 миллионнан астам бала зорлық-зомбылыққа тап болмауы керек. Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева осылай дейді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясат кеңесінің кеңейтілген отырысына бас прокурордың маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мен Қазақстандағы біріккен ұлттар ұйымы әйелдері құрылымының маманы Гүлнар Смаилова қатысты. Жиын барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Астаналық мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуге шақырады

Шілденің шіліңгір ыстығынан қорықпай, Оңтүстікке келген Балиева ханым отбасылық зорлық-зомбылықпен бірлесе күресуге шақырды. Бала құқығын қорғайтын уәкіл ретінде алғашқы ресми сапары шырайлы қаладан бастау алды.

Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының бастамасы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасының жұмыс тобы да Оңтүстікте осы бағытта бір айдан бері жұмыс жасауда. Алғашқы нәтижесі де жоқ емес.

Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, береке мен бірлікке үндейтін бүгінгі жиында зорлық-зомбылықпен бірлесе жұмыс істеу тетіктері қаралды.

Жанар Есенбекова