«Фортебанктің» «Несие — сыйлыққа» науқаны жалғасуда. Оның аясында осы банктен несие алған кез-келген салымшы арнайы ұтысқа қатысып, 1 миллион теңге ұтып алуға мүмкіндігі бар. Және бүгін бакн кезекті жеңімпазын арнайы құттықтады.
«Фортебанктің» ең бақытты салымшысын бүгін ерекше күтіп алуда. Өз несиесін толық жабуға арналған арнайы сертификат Шымкент қаласынаң тұрғыны Рабия-Бегім Айдарбековаға табысталды. Осы банктен той-думан өткіземін деп қаражат алған тұрғын мұндай сыйға ие болатынымды білмедім де дейді.
Рабия-Бегім Айдарбекова, ForteBank АҚ «Несие -сыйлыққа» ұтысының жеңімпазы: «Шынымды айтсам, мұндай сыйды мүлде күткенім жоқ. Тіпті айтар сөз таба алмай отырмын. Алғысым шексіз. Фортебанктің қызметіне өз басым ризамын, несиені де өте жылдам рәсімдеп берді. Үлкен рахмет!»
Айта кетейік, несиені сыйлыққа ұтып алу мүмкіндігі әр салымшыда бар. Банктің жүлдесі апта сайын бүкіл Қазақстан бойынша ойнатылады.
Әсем Ысқақова, ForteBank АҚ Шымкент қ. басқармасының басшысы: «Сыйлыққа несиені ұтып алу үшін біздің банктен кепілсіз несие рәсімдеу керек. Ақпан айынан қыркүйек айына дейін. Бұл науқанның мерзімі енді ұзартылып жатыр. Несие алғаннан кейін сіз автоматты түрде ойын қатысушысы атанасыз. Ең бастысы — сіздің 1 миллион теңгеге дейінгі несиеңізді толықтай жауып береміз.»
Сонымен, банк ұтысы науқанына сіз қыркүйек айында дейін қатысуыңызға болады. Кім біледі, мүмкін келесі жеңімпаз сіз боларсыз?!
Әлімхан Дүйсенғалиев