Кафедегі ерегістен кейінгі кісі өлтіру ісінде үкім шықты

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмысты істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірген азаматқа 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қанды оқиға Шымкент қаласының қақ ортасындағы мейрамханада болған. Кафеге келгендер арасында өзара кикілжің туындап, соңғы қайғылы аяқталады. Араздықтың түбі жас өмірді қыршыннан қиды.

Сол күні Шымкенттің орталығындағы мейрамханаға келушілердің арасында кикілжіңнің соңы қайғылы аяқталды. Сөзге келіп, ерегісудің соңы ер адамның өліміне соқтырған. Мейрамханадан араздасып шығып, Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысына жеткенде күдікті жәбірленушіні атыс қаруымен атып өлтірген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кінәлі өзінің кінәсін ішінара мойындады. Бірақ қасақана кісі өлтіру пиғылы болмағанын айтып, ақталған. Дегенмен сот тергеуінде оның кінәсі дәлелдемелермен толық анықталған. Сөйтіп сот үкімімен айыпталуы азамат 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Жанар Есенбекова