Дәрігерлер дабыл қағады — облыста бауыр ауруы асқынып тұр. Бүгінде өңірде 500-ден аса науқас бауырдың әртүрлі дертімен есепте тұрады. Ақ халаттылар олардың басым көпшілігіне трансплантация жасау қажет деп отыр. Алайда, орган жетіспеушілігі қолды байлауда.
Бауыр церрозына шалдыққан 28 жастағы Рахым Әбуовке бір апта бұрын трансплантациялық ота жасалды. Бауыр жетіспеушілігіне ұшыраған науқасқа туған ағасы көмек қолын созды. Бір бауырды бөліскен ағалы-інілінің жағдайы қазір жаман емес.
Соңғы үш жыл ішінде Шымкентте 9 бауыр трансплатологиясы жасалды. Оның үшеуі шетел мамандарының қатысуымен өтті. Бүгінде тың отаның қыр-сырын жақсы меңгерген жергілікті дәрігерлері бұл операцияны өздері жасай алады. Оған қатыстырылатын мамандар қатары да көбейіп отыр. Тек трансплантоглотар мен мен хирургтер ғана емес, зертханашы, анастезиолог дәрігерлері, орта буын қызметкерлері де атсалысады. Дәрігерлер осыған дейін жасалған оталардың барлығы да сәтті өтті, операция кезінде оқыс жағдайлар болған жоқ деп сендіреді. Тек орган жетіспеушілігі қолды байлап тұр дейді.
Отаның бұл түріне мемлекет бюджетінен қаржы қаралған. Бүгінде бауырды ауыстыру шығыны 5 млн теңгені құрайды. Дәрігерлер бұл баға дамыған шетелдердегімен салыстырғанда әлдеқайда арзан дейді. Айта кетейік, өңірде бауыр дертіне шалдыққандар саны жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде бауыр жетіспеушілігіне шалдыққан 500 науқастың басым бөлігі трансплантологиялық отаның кезегінде тұр.
Мақпал Рысбаева