Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы керуені Астана жол тартты

Күнгейден Астанаға тарту. Бүгін Оңтүстікте пісіп-жетілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті керуені Елордаға аттанды. 400 тоннадан астам тауар тиелген жүк көліктері Шымкенттен жолға шықты. Сала мамандары бұл жолы жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдер 10-15 пайызға арзан сатылуы мүмкін деп отыр. Және бұл жолғы керуеннің алдыңғыларынан өзгешелігі бар.

Шымкенттік шаруалардың тауарлары осымен төртінші рет Астанадағы жәрмеңкеге жіберілуде. Бас-аяғы 10 тоннадан асып жығылатын өнімнің ішінде қызанақ пен қауын, қырыққабат пен қараөрік, тіпті, бал да бар. Топырақта піскен көкөніс, жеміс-жидектер бұл жолы 10-15 пайызға арзан сатылуы мүмкін дейді мамандар.

Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы керуені Астана жол тартты

Кезекті рет жолға шыққан көліктерге 420 тоннаның тауары тиелген. Елордада осыған дейін ұйымдастырылған жәрмеңкелердегі сұранысқа қарай кей тауарлар көлемі артып отыр дейді ұйымдастырушылар. Жауаптылар қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, болгар бұрышы, қырыққабат пен қоса, ет-сүт өнімдерінің де де саудасы қайнайды дейді. Осыған дейін жөнелтіліген көліктің барлығы да бос қайтты деп сендіреді басқармадағылар.

Сонымен, күнгейде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 22-23 шілде күндері өтетін жәрмеңкеде ұсынылатын болады. Бұл жолы жергілікті тауарлар Ақтөбе, Қарағандыдан әкелінген өнімдермен бәсекеге түседі.

Мақпал Рысбаева

Фото: Самат Мырзалиев