Оңтүстікте мас күйінде рөлге отырған прокурор қызметінен кетті

295
Оңтүстікте мас күйінде рөлге отырған прокурор қызметінен кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында мас күйінде рульге отырған құзырлы орған өкілі жазаланды. Прокуратура қызметкері Нұржан Полатов жұмысынан кетті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясы берген мәліметке сәйкес, Нұржан Полатов құқық қорғау органдарына тиісті ережедегі тәртіпті бұзған.

Жанболат Туғанбаев, ОҚО прокурорының орынбасары міндетін орындаушы: «Бұл мәселені біз тәртіптік кеңесте қарадық. Кеңестің шешімі бойынша Полатов кеше өз қызметінен босатылды.»

Масаң күйінде көлік жүргізіп қана қоймай, жол ережесін бұзған прокурор Полатов осылайша қызметтен кетті. Облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясы бүгін осындай шешім қабылдаған. Мұндай шешімді комиссия Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі өзгеріссіз қалған соң қабылдап отыр. Бүгінге дейін неге прокуратура тарапынан нақты шара көрілмеді деген тілшілер сұрағына құзырлы орган өкілдерінің де айтары бар.

Жанболат Туғанбаев, ОҚО прокурорының орынбасары міндетін орындаушы: «Адамның кінәсі тек заңды күшіне енген сот қаулысымен белгіленеді. Яғни, Полатовтың көлік басқару кезінде мас күйінде болғаны кеше (11.07.2017 — ред.) ғана облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен бекітілді. Содан бері Полатовты осы құқық бұзушылықты жасады деп тануға болады.»

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан ғана қана емес республика жұртшылығының назарын аудартып, әлеуметтік желілерде жыр болған Полатов жайы мәлім. Бұл іс шенді-шекпенді ғана емес, көлік тізгінін ұстаған әрбір адамға сабақ болары даусыз.

Жанар Есенбекова