Салық жинаушылар халыққа түсіндіру жұмыстарын бастады. Оған себеп, облыс тұрғындары арасында мүлік және көлік салығын төлемей жүргендер жетерлік. Осындай іс-шаралардың бірі Қаратау ауданында өтті. Бір ғана Сайрам ауданындағы кәсіпкерлердің салық түсіміне қарызы жетерлік.
Өздерінің мемлекет алдында қарыз екенін Сайрамның көптеген тұрғындары білмейді де. Салық жинаушылар бұған халықтың салық бойынша ақпарат алғысы келмейтін енжарлығы да бір себеп дейді. Сондықтан, жергілікті әкімдікке тұрғындар мен қарияларды жинаған салық жинаушылар миллиондаған борыш туралы хабарлады.
Сайрамдықтардың көбісі ауыл шаруашылығы және сауда-саттықпен күтелдеді. Елдімекеннің орталығын тұтас базар, дүкен және бутиктер басқан. Және онда көбінесе бос болмайды, келушілер көп. Ал салық түсімі — жоқ. Бұған қоса жылдап көлік салығын төлемей жүргендер де жетерлік.
Сайрамдықтардың арасында салық борышын бірнеше жылдан бері өтемей жүргендер бар. Бүгінде солардың ісі сотқа да жіберілді. Енді жергілікті кәсіпкерлерге тек салық пен өсімпұлды ғана емес, сот шығындарын да төлеуге тура келеді.