Шымкентте көпқабатты үйлерді сейсмонығайту жұмыстары басталды

332
Шымкентте көпқабатты үйлерді сейсмонығайту жұмыстары басталды

Шымкентте көпқабатты үйлерді сейсмонығайту жұмыстары басталды. Кеңес дәуірінен бері сылақ көрмеген үйлер осылайша жөнделе бастады. Биыл осындай жұмыстар 7 үйде жүргізіледі дейді жауаптылар. Бұл мақсатта 700 млн теңгеден астам жуық қаржы бөлінді. Жалпы, 7 үйдегі құрылыс жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқарады деп күтілуде. Ал олардан бөлек 90 үйді осындай нығайту қажет.

8-шағынаудандағы бұл көп қабатты үй жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген. Тұрғын үйді жөндеу үшін бюджет тарапынан 176 млн теңге бөлінген. Тиісті қаржыға сай мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың басты бөлігін 50 құрылысшы атқаруда. Оның жартысынан көбі тұрғын үйдің төменгі қабатындағы жұмысты істейді. Ал қалғандары үйдің шатырын ауыстырады. Айта кетейік, бұл жөндеу жұмыстарына көп қабатты үйдегі тұрғындардан қаржы жиналмаған. Құрылыс жергілікті бюджет тарапынан жүргізілуде.

Бұл тұрғын үйден бөлек қаладағы 7 көп қабатты үйде дәл осындай жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оларға қоса тағы да 90 көпқабатты үй жөнжеу жұмсытарын қажет етеді. Қазір сейсмикалық зерттеу жұмыстары басталып кетті.

Лаура Нахыпқызы