Шымкентте Weltew mobilya компаниясының дүкені ашылды

Шымкентте «Weltew mobilya» компаниясының сапалы және сәнді жиһаздары сатылатын жаңа дүкен ашылды. Қайталанбас дизайндегі ас үй және төсек-орын гарнитуралары кез келген клиенттің көңілінен шығары анық. Бұған қоса сәнді жиһаздардың сапасына кепілдік беріледі дейді дүкен иелері.

«Weltew mobilya» түрік компаниясының дүкені салтанатты жағдайда ашылды. Жайлы дивандар мен ерекше нақыштағы орынтақтар, корольдік кереуеттер кез келген үйдің интерьерін аша түседі. Бұл тауарлар элиталы жиһаздарды бағалай білетін күйгей жұртшылығының көңілінен шығып отыр.

Бір-бірінен өткен сәнді жиһаздар көздің жауын алардай. Клиенттер жаңа дүкеннен шертіп жүріп, таңдауларын жасады.

«Weltew mobilya» компаниясы 1996 жылдан бері жиһаз нарығында бәсекелестеріне дес бермей келеді. Түрік өндірушілері ас үй және жиһаз гарнитураларын таза табиғи материалдардан жасайды. Шетелдік сәнгерлер өнімдер дизайнының әрбіріне ерекше ден қояды дейді мұндағылар. Авангард, модерн стиліндегі жиһаздардың сәні де сапасына сай.

Дүкенннің ашылуы салтанатында түрлі жүлделер мен тартуларға тігілген лоторея ойындары ойнатылды. Айта кетейік, «Weltew mobilya» дүкені Тауке хан даңғылы, №193 үйде ораналасқан.

Мақпал Рысбаева