Шымкенттіктер Астана күнін сән-салтанатпен атап өтті

Астана күнін Оңтүстік жұртшылығы сән-салтанатпен атап өтті. Орталық саябақта түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Мұнда әннен шашу шашылып, ыстық тілектер толастамады. Мерекеге орай «Еліміздің бағын жаққан Астана!» тақырыбында өткен мүшайра жеңімпаздары да марапатталды. Еңселі Елордамызға арналған мерекелік шара орталық алаңға жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күл сыйлады.

Шымкенттіктер Астана күнін сән-салтанатпен атап өтті

Орталық саябаққа келген қонақтар концерттік бағдарламамен қатар балалар кітапханасы және көкемсурет мектебінің тәлімгерлерінің айбынды Астана күніне орай дайындаған көрмесін де тамашалады. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар қаламыздағы барлық саябақтарында көрініс тапты.

Шымкенттіктер Астана күнін сән-салтанатпен атап өтті

Астананың тойы биыл сән-салтанатымен өтті. Күллі Қазақстан халқының мерекесі еліміздің барлық өңірінде тойланды. Бүкіл елдің қуанышына айналған осынау мерекені Оңтүстік халқы да жоғары деңгейде атап өтті. Шымкент қаласының өзінде көптеген мәдени іс-шара болды.

Айтулы датаға орай Шымкент қаласының өзінде көптеген мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Солардың бірі – Әл Фараби алаңында үлкен-кіші аудиторияны түгел қамтыған «Асқақтай бер Астана!» атты концерт болды. Мұнда ән шырқалып, күй төгілді. Сондай-ақ түрлі театрландырылған қойылым көрсетілді.

Шымкенттіктер Астана күнін сән-салтанатпен атап өтті

Концертке жиналған қауымның қарасы қалың. Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке тек қала тұрғындары ғана емес өңіріміздің аудан қалаларынан да қонақтар келген. Жиналған халық бас шаһарымыздың мерекесіне толассыз құттықтауларын жолдады.

Осылайша қала тұрғындары мен қонақтары тағы бір айтулы датаны өз деңгейінде атап өтті. Ал, Астана туған күні керемет от шашумен қорытындыланды.

Әлия Әділбек, Жанерке Хұмар