Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

471
Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

Шымкенттік 10 жасар Лаура Сағатоваға көмек қажет. Бүлдіршіннің диагнозы өте ауыр. Анасы дәрі-дәрмектің күшімен қызының өмірін әупірімдеп сақтап отырғанын айтады. Мемлекеттен алатын 54 мың теңге жәрдемақысы пәтерақы мен қызына беретін дәріден артылмауда. Дәрінің қымбаттауынан соңғы уақытта қажет дегендерін алуға мүмкіндігі болмай қалады деген Айнагұл Елтаеваның жағдайына көршілері де көз жұма қарай алмай отыр. Осыған орай қайырымды жандардан көмектесуін сұрауда.

Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

Лаураның 5 жасқа дейін денсаулығында кінарат болмаған. Өзге балалар секілді балабақшаға барып, анасына қолғанат болған. Кенет, аяқ астынан дәрміні құрып, халі нашарлай бастайды. Диагнозын таппаған анасының бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Соңғы диагноз Ташкентте қойылған. Содан ДЦП, анорексия, неврологиялық кеселге ұшыраған бүлдіршін 5 жылдан бері бала сияқты ойнай да, далаға да шыға алмайды. Соңғы уақытта зәр шығаруы да қиындап кетіпті.

Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

Айнагүл Елтаева, Лаураның анасы: «Қызымның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің өзі біледі. Аптасына кемінде 2 рет ауруханадан бір-ақ шығамыз. Қазір катартмен барып, зәр шығарады. Ауырып жылайды. Қашан жазыламын деп жылайды.»

Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

Лаураға айына 22 мың теңгелік екі дәруменді ана өз қалтасынан сатып алады екен. Кейде ақшасы пәтерақы мен тамаққа жетпей қалады дейді анасы. Ал баспанаға тұрған кезегі баяу жылжуда. Баспана мүгедектерге бірінші кезекте беріледі дегенді естіп, тиісті мекемеге барғанымен көңілі су сепкендей басылып қайтқан. Ол жақта да кезек. Күйеуім тірі болғанда ешкіммен көмек сұрап, алақан жаймас едім деген әйелді жақында пәтерден шығарғалы жатыр. Енді науқас қызымен қайда баратынын білмей дал.

Карима Хайдарбекова, көршісі: «Қазір шық деп жатыр. Баспана керек. Кеше 40 мың теңге таппады дәріге. Ауруханаға қызы көп тұседі. Көмек сұрап жылайды.»

Он жасар Лаура көмекке мұқтаж

10 жасар Лаураны дерт әбден жеп қойған. Ауруы жанына батқанда шырылдап жылап, анасынан көмек сұрайды. Ойнауды армандамайды да. Бала жүрек тезірек жазылсам дейді. Енді тапқан-таянғанын дәріге жұмсап отырған ана уақытша болса да тегін баспана іздейді. Қамқорлыққа мұқтаж жанға қолдау көрсеткісі келетіндер редакцияға хабарласуына болады.

Айгүл Керімқұлова