Жастарды тегін кәсіптік-техникалық біліммен және жұмыспен қамту мәселесі бойынша Оңтүстікке 9 мыңнан астам грант бөлінген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының арнайы өткізген акциясында белгілі болды.
Акция аясында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасының жастарға тигізер пайдасы кеңінен таныстырылды. Аталған мамандықтар бойынша өңірімізде 50-ден астам колледж білім береді. Ал бағдарламаға 9 және 11 сынып аяқтаған түлектер мен алдыңғы жылдары да оқуға түсе алмаған жастар да қатыса алады.
Айта кетейік, бөлінген грант тек кәсіптік-техникалық мамандықтарға ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және транспорт салаларына да бөлінген. Олардың барлығы — қазіргі таңда облысымызға аса қажетті мамандықтар.
Жанерке Хұмар