Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастамақ

Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында биоэтанол өндіру зауыты мен фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдейтін өндіріс ошағын іске қоспақКөрші елдің инвесторлары биоэтанол өндірісіне Отырар ауданынал фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін қолайлы көріп отырБұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қытай фторселикондық өндірісі ассоциациясының директоры Сианжун Цао мырза бастаған делегацияның кездесуінде мәлім болды.

Өңір басшысы шетелдік инвесторларға облысымыздың инвестициялық тартымдылығы мен индустриалдыинновациялық жобаларды іске асыратын аймақтардың әлеуетін баяндадыОблыс экономикасын өрге сүйреп келе жатқан салаларға тоқталған әкім инвестиция тарту бойынша жергілікті билік тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.

– Елге инвестиция тарту – экономиканың ең негізгі тетігі. Осыны ескере отырып біз кәсіпкерлерге барынша қолдау білдіріп отырмыз. Өңірімізде 11 индустриалдық 1 арнайы экономикалық аймағымыз жұмыс істейді.   Шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады. Сондай-ақ жер телімі, инфрақұрылымдық қажеттіліктердің бәрімен толық қамтамасыз ететін боламыз, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу барысында қытайлық делегацияны бастап келген Сианжун Цао мырза негізгі екі бағытта зауыт құрылысын бастауға мүдделі екендерін жеткізді. Осы ретте шетелдік инвесторларды оңтүстік өңіріне арнайы шақыртқан елімізге белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжановтың да еңбегін атап өткен жөн.

Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастамақ

– Біз Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі екі бағытты дамытуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі – биоэтанол өндіру ісі, ал екіншісі – фосфор қалдықтарын қайта өңдеуден өткізу. Егер екі жақты келісімдер орындалып жатса, екі зауыттың құрылысын тезарада бастауды жөн көріп отырмыз, – деді Сианжун Цао мырза. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары артып келеді. Ғылым тілімен айтсақ, биоэтанол – техникалық абсолюттендірілген спирт құрамы 99,9 градусты құрайды. Аталмыш жаңа отын түрі жанар-жағармайға қарағанда ауаны ластамайды және иіс газдарын да бөлмейді. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына да, қоршаған ортаға да зиянсыз отын. Қытайлық инвесторлар биоэтанол өндіру ісінде оңтүстікқазақстандық жүгері мен бидай, арпа қалдықтарын пайдаланбақ. Бұл өз кезегінде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласын дамытудың ерекше жолы болмақ.

Шетелдік инвесторлардың екі жобасына да қолдау білдірген Жансейіт Қансейітұлы тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.  Тиісті құжаттарды тездетіп әзірлеп, қажетті жер телімдерін бөлуді және де екі зауыттың да іргетасын биыл қалауды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев