АНОНС Жаңалықтар 

Өткел «сақалды құрылысқа» айналмаса игі..

Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелерінің қилысындағы жер үсті өткелінің құрылысы биыл аяқталмайтын түрі бар. Қазір мұнда жұмыс тоқтап тұр. Есесіне қала бюджетінен бөлінген қаражаттың басым бөлігін мердігер компания алып үлгерген. Олардың ісі енді сотта қаралады. Ал қалалықтар ыңғайсыздықтардан жаңа оқу жылында да арыла алмайтын болды.

Естеріңізге салар болсақ, жер үсті өткелінің құрылысы 2015 жылы басталған еді. Алайда, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жобаға өзгертулер енгізіп, құрылыстың аяқталу мерзімі біршама созылған-ды. Бюджеттен бөлінген 215 млн теңгенің 70 пайызын алып үлгерген мердігер компания жұмысты аяқсыз қалдырды. Есесіне, «сақалды құрылысқа» айналған бұл нысан көпшіліктің жүріп тұруын қиындатып жіберді. Мұнда санитарлық жағдай да сын көтермейді деп қалалықтар бұл мәселені біраздан бері көтеріп жүр.

Нысанға тапсырыс беруші — қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және АЖ бөлімі мердігерге бірнеше рет айыппұл да салған. Алайда, одан нәтиже шықпаған. Енді «Қаз Нұр Қазтракшн» ЖШС-нің үстінен қала басшылығы экономикалық сотқа шағым түсірді.

Өз міндетіне немқұрайлы қараған мердігер мекеме қомақты мөлшерде айыппұл төлеуі тиіс. Мемілекетік сатып алу конкурсына қатыстырылмайтындардың қара тізіміне ілінуі да ғажап емес.

Нұрлан Күдерұлы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz