Нұрсәт шағынауданының тұрғындары бірнеше аптадан бері алаңдаумен күн кешуде. Өйткені, жылу құбыры үшін қазылып, қоршауы жоқ жатқан шұңқырға балаларымыз түсіп кете ме деп үрейленеді. Тұрғындар кәсіпкер үшін жасалып жатқан жұмыстың салдарынан үй іргетасы да шұрқ тексік болғанын алға тартады.
Шаһардың ортасында бұл балақайлар үшін таптырмас ойын алаңы өздері үшін қаншалықты қауіпті екенін білмес. «Ойын баласы болған соң қасымызда ұстап отыра алмаймыз, қайтарып шаршадық» дейді мұндағы тұрғындар. Құрылыс алаңын қошап, тездетіп бітіруді сұрансақ, нәтижие жоқ дейді.
Құрылыс иесіне айта-айта шаршаған тұрғындар бірнеше мекемеге арызданған да екен. Мән-жайды анықтауға келген жан жоқ дейді. Құрылыс жұмысының қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында «Қуат жылу орталығына» сұрау салдық. Мекеменің мамандары тексеру барысында құрылыстың заңды екенін айтты.
Дегенмен, жылу орталығының мамандары құрылысқа рұқсат бергенімен, оның орындалуында қауіпсіздіктің бұзылуына байланысты ешқандай шара көре алмайтынын айтады. Ал жауапты мекемелер 3 аптадан бері бей-жай отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындардың өздері де абай болғаны абзал.
Асқар Сәтпаев