Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

473
Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындылды. Облыс əкімінің өкімімен бұл лауазымды Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов атқарады.

Жансейіт Түймебаев аудан активіне Қазақстан Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды.

Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындылды

Жаңа басшыны таныстыруда өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындап, сенім үдесінен шығуды тапсырды. Сонымен бірге, аудан экономикасын дамытуда инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды жүктеді. Өңір басшысы ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Алмасбек Мамытбековке алғысын білдірді.

— Ордабасы ауданында облысымыздағы ірі индустриалды аймақ пен кәсіпорындар көптеп шоғырланған. Оның үстіне ауданды Батыс Европа — Батыс Қытай автомагистралі қиып өтеді. Теміржол қатынасы да жолға қойылған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өңірдің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға әбден болады. Сондай-ақ ауданда инфрақұрылымдық-коммуналды қажеттіліктер, яғни су, жарық, жол мәселелері шешілмеген елдімекендер баршылық. Жаңа басшыға күре жолдың бойынан сервистік қызмет нысандарын көптеп салып, табысты еселеп, туристік бағыттағы нысандарды заманауи үлгіде дамыту жүктеліп отыр. Бұдан бөлек, аудандағы білім, ауыл шаруашылығы салаларын жақсартуды тапсырамын ,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындылды

Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов 1970 жылы 2 қаңтарда туған. Білімі жоғары, мамандығы — инженер-механик. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің түлегі болып табылады, академиялық дәрежесі – әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Тельман колхозында жұмысшы болып бастаған.

1992-2011 жылдары «USKAX-IMEX» шағын кәсіпорында менеджер, «Астана» акционерлік қоғамының автокөлік маманы ретінде жұмыс атқарған, «Ақжар» өндірістік кооперативінің мүшесі болған, «Еңбек» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Ақжар ауылды округінің әкімі лауазымдарын атқарған.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев