«Шубамания» тондар жәрмеңкесі Шымкентке тағы келді. Енді жаңа бағамен. Бұған қоса жәрмеңке жаңа орталықта жұмысын бастап отыр. Ұйымдастырушылар түрлі материалдан жасалған ішіктерді жазғы жеңілдікпен ұсынуда. Алғашқы күннің өзінде сатып алушылар бар.
«Шубамания» — бұл жолы өзгелерден тек тиімді бағасымен ғана емес, талғамға сай таңдау жасауға мүмкіндік беретінімен де ерекшеленетін жәрмеңке. Тонның қаракүзен, бұлғын, елтірі, сусар мен қара түлкі терісінен тігілген 3000-нан астам түрі кез келген сәнқойды бей-жай қалдырмасы анық. Ал шымкенттік сатып алушылардың айтуынша, жаз — нағыз тиімді ұсыныспен сауда жасап, ішіктерге қол жеткізетін кез.
Расымен де тиімді. Өйткені бүгінде «Шубаманияда» келушілерге 20 пайыздық жеңілдік жасалған. Оған қоса талғамыңыз қалтаңызға сай келіп жатса, тонның ақшасын үш айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар немесе 3 жылға дейін несиеге рәсімдей аласыз. Сонымен қатар дүкеннен барлық жас ерекшеліктерге сай соңғы үлгідегі үздік тондардың түр-түрін табуға болады. Ішіктер тек бағалы ғана емес, сәнді де. Ыңғайлы әрі дұрыс күтім жасай білсеңіз, ондаған жылдар бойы ұзақ жылдар бойы үстіңізден тастамай киетініңіз анық.
«Шубамания» өнімдері Ресейде тігіледі. Ал аң терілері Ресей мен Дания, Финляндия, және Автралиядан жеткізіледі. Сонымен сапалы әрі бағалы, соңғңы үлгідегі сәнді ішіктерге қол жеткізгіңіз келсе, Темірлан тасжолында орналасқан «Әл Фараби» сауда үйіне асығыңыз. Жиһаз орталығында.