Шымкент әкімдігі: «Жәрмеңкедегі баға айрықша бақылауға алынды»

211
Павлодарда Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіндегі баға айрықша бақылауға алынды. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Тілшілерге бүгін анық болғаны — жәрмеңке ұйымдастыратын қалалық сауда-саттық бөлімі күткен сенімнен шықпады. Енді шаһардағы жәрмеңкелердегі бағаны қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бақылайтын болады.

Еске салайық, соңғы жексенбіде Қажымұқан атындағы орталық стадион жанында өткен жәрмеңкедегі бағадан ашынған тұрғындар оны жабуды талап етті. Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге жауапты және бағаның негізсіз шарықтап кетуіне жол берген шенеуніктер жазаланады. Қалалық әкімдік мамандары осылай деп хабарлады.