«Иә, сен экспорттай аласың!» Шымкентте осындай ерекше тақырыппен бизнес-семинар өтті. Іс-шара елдегі шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында ұйымдастырылған. Үкімет пен жеке бизнес бірлескен жоба аясында күнгейдің тауар өндірушілеріне ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, экспортқа шығу мүмкіндіктері түсіндіріледі.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында Шымкентте «Иә, сен экпорттай аласың» бизнес-семинары өтті. Үкімет пен жеке бизнес арасындағы бірлескен серіктестік жоба өңірдің тауар өндірушілеріне ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, жергілікті экспортты жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Алматылық халықаралық «Зудел» компаниясының өкілдері оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге ТМД және Түркия, Қытай, Иран, Ауғанстан Пәкістан елдерінің нарығына шығуға жол көрсетуге дайын екендерін жеткізді.
Былтыр Оңтүстік өңірінің сыртқы саудасы 2,5 млрд теңгені құрады. Облыстық экспорт 1,3 млрд-қа жеткен. Қазақстан аймақтарының арасында ОҚО облысының сыртқы сауда көлемі бойынша 4 пайыз, экспорт көлемі-3,4 пайыз, және өңделген экспорт 7,3 пайызды құрайды.
Семинарға қатысушылар өлкелерде де тиімді жобалар жеткілікті, алайда оларды жүзеге асыруға жергілікті жердің мүмкіндіктері болмайтынын ашық айтуда. Төлебилік кәсіпкер Әлихан Әбдешов егер үкімет тарапынан қаржылай көмек болса, көптеген экологиялық тұрғыда пайдасы мол жобалар ауылды жерлерде іске қосылар еді дейді.
Оңтүстік өңірінде жақында ашылған «Қазақинвест» ұлттық компаниясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын. Облыстағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да шағын және орта бизнес өкілдеріне құқықтық, кеден және де салық саласы бойынша көмек көрсетуге әзір екендерін айтады.