Шымкентте көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ең сорақысы, ауыр соққының салдарынан 30-35 жас шамасындағы азаматша оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал кісі өліміне себепкер болған жүргізушінінің кім екені әлі анықталмады.
Қазір Шымкенттің полицейлері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған жүргізушіні іздестіріп жатыр. Жол-көлік оқиғасы 9 тамыз таңғы сағат 5 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Темірлан тасжолымен жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина жолдан өтпек болған азаматшаны қағып, 2-3 метр жерге ұшырып жіберген. Жүргізуші зардап шеккен әйелге көмектесудің орнына оқиға орнынан қашып кетіпті. Тек куәгерлер ғана жедел жәрдем шақыртып, кейін көлік соққан әйел ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына келген полицейлер қазір қылмысты іс бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қзметінің мәлдіметі бойынша, жол апты болған жерден «Ваз-21-014» көлігіне тиесілі бөлшектер табылған. Сол айғақты заттар бойынша кісі өліміне себепкер болған жүргізуші іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Шымкенттегі Жібек жолы көшесінен өтпек болған адамды көлік қағып, жүргізуші қашып кеткен болатын.
Лаура Нахыпқызы