Шымкентте сейсмо-жаттығу өтті

1260

Шымкентте сейсмо-жаттығу өтті. Алдымен Әл Фараби аудандық әкімдігінің ғимаратында төтенше жағдайлар басқармасының қатысуымен сейсмо-жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығудың басты мақсаты — қала тұрғындарын төтенше жағдай барысында сабырлық танытуға үйрету дейді жауаптылар. Себебі, сейсмологтардың мәліметінше, Шымкент қаласы 7 балдық сейсмо-қауіпті аймақта орналасқан.

Шымкентте сейсмо-жаттығу өтті

Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлерінің оқу-жаттығулары жиі өтіп тұрады. Мысалы, бұл жолғы іс-шара халық пен жауаптылардың зілзала кезіндегі іс-әрекетін тағы бір пысықтап алу үшін арнайы ұйымдастырылды. Сейсмо-жаттығуға ұзын-саны 216 адам ат салысты.

Рауан Өсербаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары: «Жалпы, төтенше жағдайлар басқармасының негізгі мақсаты — осы оқу-жаттығу арқылы халыққа, азаматтарға құтқару және өзін құтқару ең оңай және дұрыс тәсілдерін үйрету. Мақсатымыз — сол.»

Түс қайта оқу-жаттығу жұмыстары Нұрсәт шағынауданында жалғасты. Тұрғындардың айтуынша, биылғы жаттығу былтырғыға қарағанда әлдеқайда тез және тиянақты өткен.

Тұрғын үй кешеніне 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Дабыл қағылған соң адамдар сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге орналасты. Содан кейін барлығы жауапты мамандардың белгісін күтуі тиіс.

Айта кетейік, енді сейсмологиялық жаттығулар өзгеде аудандарда өтетін болады. Төтенше жағдайлар департаменті халық тарапынан қолдаудың зор екенін айтуда.

Әсем Жайлаухан