Шымкентік тұрғындар алдағы қыста тоңбайды. Қала басшылығы жылыту маусымына дайын. Бірінші қазанда №3 ЖЭО өз жұмысын жалғастыратын болды. Бұл жайында қала әкімінің орынбасыры Бейсенбек Жанбосыныв мәлімдеді. Сондай-ақ шаһар көшелерінде қазба жұмысын жүргізіп, міндетін орындамаған мердігерлер әкімшілік шараға тартылмақ.
«Энергоорталық 3» АҚ көгілдір отын таратушы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ алдындағы 2 млрд. 300 млн. теңге қарызын қала әкімдігінің №3 ЭО 18 пайыз акциясын сату арқылы құтылу шешімі қабылданған. Бүгінде қаражаттың алғашқы бөлігі бір млрд теңгеге жуық ақшасы төленген. Нәтижесінде бірінші қазанда «Энергоорталық 3» өз жұмысын бастайтын болады.
Тағы бір жағымды жаңалық Байтұрсынов көшесіне мердігерлер асфалт төсеу жұмысын 20 қыркүйектен бастайды. «Бірінші қазанға дейін көше тақтайдай тегіс болады», — деп уәде беріп отыр жауаптылар. Ал Клара Цеткин көшесін қазуға тапсырыс берген «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-і тез арада құрылыс барысындағы келеңсіздіктерді жоюы тиіс. Орындалмаған жағдайда әкімшілік шара көрілетін болады.
Жалпы Шымкент қаласындағы 187 жерде апатты 61 көшеде жоспарлы жұмыстар жүргізілген. 26 мердігер жұмыс атқарыпты. Қала әкімінің тапсырмасына сай барлық құрылыс жұмыстары талапқа сай орындалуы тиіс, олай болмаған жағдайда айыппұл салу тапсырылды. Себебі соңғы кездері қала тұрғындарынан шағым жиіліп кеткен.
Нұрлан Күдерұлы