Базар маңындағы жер қалалық әкімдік қарауына өтті

331
Базар маңындағы жер ТҮКШ қарауына өтті

Шымкенттегі Тәшенов және Төлеби көшелерінің бойындағы заңсыз сауда орнына айналған жер телімдері енді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне қарайтын болды. Осыған байланысты қала әкімінің арнайы қаулысы шықты.

Базар маңындағы жер ТҮКШ қарауына өтті

Енді алдағы уақытта жалпы аумағы 978 шаршы метр жерді 3 жыл бойы шаһардың шаруашылық бөлімі абаттандырып, көріктендіруі тиіс. Сала мамандарының айтуынша, бұрын бұл жерлер бірнеше кәсіпкердің иелігінде болған. Оның соңы жабайы саудаға айналғаны жасырын емес. Енді мұнда тәртіп орнайды деп үміттенеді жауаптылар.

Нұрлан Күдерұлы