Чемпиондарға көлік сыйлады

532

Бокстан Әлем чемпиондарын марапаттау жалғасуда. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан облыстық бокс федерациясы ел намысын қорғаған жерлестерімізге сый-сыяпат жасады. Асқар Тұрысбеков бастаған ұжым Гамбургте өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Қайрат Ералиевке және Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа қос темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Ал, қола медаль иесі Ержан Жомарт пен оның жеке бапкеріне ақшалай сыйлық жасады. Сонымен қатар, оңтүстіктің негізгі командасы Конфедерация Кубогында топты жарғаны үшін алғыс ретінде спорттық киім алды. Демалыс күні өткен «Жеңіс тойы» мұнымен шектелмеді. Қайраттың ағалары Мырзағали Айтжановты тұлпарға мінгізіп, чемпионның өзіне ақшалай сый жасады.