ҚР Премьер министрі облыстағы №2 перениталды орталыққа барып, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жобаларға да уақыт бөлді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жылдың соңына дейін күнгейліктердің электронды денсаулық паспорты болатыны айтты. Сондай-ақ, дәрігер тапшылығы мәселесін шешуі үшін, жас мамандарға жасалатын жағдаймен таныстырды. Оңтүстікте ана мен бала өлімі азайғанын жеткізіп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын даму картасымен таныстырды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмысқа келгенде, сұрау көп болды. Үкімет басшысын бағдарламаны жарты жолда тастап кетіп жатқан жастар мәселесі мазалайды. Әлеуметтік жағдайдың жасалмағанын алға тартқан оңтүстіктің бас дәрігері алдағы уақытта олқылықтың орнын толтырудың жолын қарастырып қойыпты. Яғни, ауылға жұмысқа тұрған жас маманған 1 млн. теңгеге дейін көмек беріледі екен.
Үкімет басшысын қазан айының соңына дейін іске қосылатын бірыңғай ақпараттық жүйе мәселісі қызықтырды. Түскен шақыртуға дер кезінде жетіп қана қоймай, дер кезінде ем-дом жасайтыны қуантты. Ал кешенді ақпараттық жүйе енгізілсе, 8 582 компьютерлік техника сатып алынады. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100 пайыз компьтерленіп, бірыңғай сервермен жұмыс істейді. Яғни, емделуші туралы электронды ақпарат алмасу жүйесі оңтайланады.