Әлем чемпионын туған ауылының басшылары марапаттады. Астана қаласында өткен көкпардан бірінші Әлем чемпионатында Қазақстанның тікелей чемпион болуына ықпал етіп, «Ең үздік салымшы» атанған мақтаралдық Абылайхан Шаймерденұлын және оның жаттықтырушыларын аудан әкімі Ғалымжан Исмаилов марапаттады.
Абылайхан Шаймерденұлы 1994 жылы осы Мақтаарал ауданында туылған. І Әлем чемпионатында бас-аяғы 9 салым салып, финалдық кезеңде белсенділік танытты. Үздік ойын көрсеткені үшін «Ең үздік салымшы» атағы берілді.
Жалпы, Мақтаарал ауданының жастар құрамасы облыста 3 рет чемпион болса, ересектер құрамасы 2 рет күміс, 1 рет қола жүлдегер атаныпты. Ал аудан әкімі өңірде ұлттық спортымыз саналатын көкпар ойынын өткізуге арналған ипподром салынатыны туралы мәлімдеді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі