«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өткен Оңтүстік күндері зор көрсеткішпен аяқталды. Іс-шара аясында өңірден түлеп шыққан эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты гала-концерт өткен болатын. Астанадағы Оңтүстік күндері аясында өткізілген ауқымды шараға жиналған халықтың қарасы қалың болғаны соншалық, бұл күні ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны рекордқа жетті.
Оңтүстік өнерпаздарын тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Бұл күні амфитеатр сахнасаның алдында ине шаншыр жер болмады. Оңтүстік күндері аясында өткізілген шарада эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.
Концертте өңірдің шығармашылық ұжымдарымен қатар Оңтүстіктен түлеп шыққан Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева сынды жұлдыздар өнер көрсетті. Ал ең басты әнді бұл кеште өңірдің тумасы, елге танымал әнші Алтынай Жорабаева орындап шықты. Өнерлі жерлесіміз «Елімнің жүрегі Астана» әнін шырқады.
Эстарада жұлдыздарынан бөлек облыстағы мәдени орталықтың өнерлерпаздарына да амфитеатрдың сахнасында ән мен күйден шашу шашты. Тарихтан сыр шертетін сахналық қойылымдар көрсетіп, мың бұрылған бишілердің өнері мен опера жанырының әншілері дауысы көпшілікті таң қалдырды.
Айта кетейік, Оңтүстіктің Астанада өткен мәдени күндері аясында халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне келушілер саны рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы көрмені ұйымдастырушылар мәлімдеді. 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралығында көрмені тамашалауға 398 341 адам келген. Ал көрмеге келушілердің рекордтық саны 3 қыркүйек күні тіркелген. Бұл күні көрмені 75 мыңнан астам адам тамашалады.
Лаура Нахыпқызы
Фото: Самат Мырзалиев