ОҚО полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 80 жәйтін анықтады

245

Биылғы жылдың басынан бері ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларының шеңберінде заңсыз табиғи ресурстарды пайдаланудың 80 жәйті анықталды. Аталған іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау, алдын алу, жолын кесу бағытындағы бірлескен жұмыстар бойынша табиғатты қорғау саласындағы полицейлермен атқарылуда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ОҚО Сарыағаш ауданында Жергілікті полиция қызметкерлері 1968 ж.т. аудан тұрғыны Келес өзенінің бойында құм-тас қоспасын заңсыз қазып артып жатқан жерінен ұсталды. Оның жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін ешқандай құжаттары болмай шықты. Полицейлер құқықбұзушыны автокөлігімен бірге Сарыағаш АІІБ-не жеткізді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 334-бабы «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған бап бойынша бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделуде.